Ауғанстанда "Талибан" радикалды ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) мүшелері тойға шабуыл жасады. Нәтижесінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шабуыл Нангархар провинциясының Шамшпур Мар Гунди ауылында болған. Кешкі уақытта өткен үйлену тойы кезінде музыка қосылған. Тәлібтер сол себепті тойға шабуыл жасаған. Дереккөздердің мәліметінше, екі адам қаза тауып, он адам жараланған.
Радикалды қозғалыс өкілдері шабуыл фактісін растап, олардың мерекелік шараға қатысушыларға шабуыл жасағанын, екеуі ұсталғанын атап өтті.
"Адырна" ұлттық порталы.