Саакашвилидің анасы: "Балама бірдеңе болса, билікке де оңай соқпайды"

3161
Adyrna.kz Telegram

Грузияның экс-президенті және Украина ұлттық реформалар кеңесінің атқарушы комитетінің басшысы Михаил Саакашвилидің анасы Гиули Аласания ұлына қатысты істің бұрмаланғанын айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Гиули Аласания ұлына бір жағдай болса, бұл Грузия билігіне де әсер ететінін жеткізді.

"Оған қарсы қанша қылмыстық іс қозғалғанын да білмеймін. Бірақ олардың барлығы басынан аяғына дейін ойдан шығарылған. Бұл оның Грузияда болмауы үшін әдейі жасалған. Бірақ бұл да билікке жақсылық әкелмейді. Құдай сақтасын,  бірақ балама бірдеңе болса, бұл билікке де оңайға соқпайды ойлаймын. Мен үшін ана ретінде бірінші баламның аман қалып, сау болғаны. Мен қатты уайымдаймын. Оқиғаның қалай өрбитінін көрерміз", - деді Аласания "Украина 24" телеарнасының эфирінде.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер