«Қазақконцерт» ұйымына КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2022 жылы қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 толуына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы әншінің есімін халық жадында мәңгі сақтау үшін шараларды қабылдауды тапсырды. Қазақконцерттің атауы үкіметінің 2021 жылдың 17 тамызындағы "Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларының кейбір мәселелері туралы" №564 қаулысына сәйкес ауысты»,– деп жазды ұйымның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, халық әртісі 1960 жылдан бері «Қазақконцертте» қызмет етіп, қазақ музыка өнерінің дамуына зор үлес қосқан болатын.
«Адырна» ұлттық порталы