Facebook компаниясы атауын жаңашаландырмақ. “Meta” деп өзгертуге шешім қабылданған,деп хабарлайды Риа Новости.
"Бүгіннен бастап Meta деп аталамыз", - деді Цукерберг "метағалам" компаниясының тұсаукесері кезінде.
Сондай-ақ, ол компания логотипін таныстырды. Ол - көк Мебиус жолағы.
"Маған бұрын классикалық зерттеу ұнайтын және Meta сөзі гректің "кейін" деген сөзінен шыққан. Бұл мен үшін әрқашан басқа дүние жасауға болатынын білдіреді", - деді Цукерберг.
“Адырна” ұлттық порталы