Көлікті құжатсыз басқарсаңыз, қылмысқа тартыласыз!

3982
Adyrna.kz Telegram

Алматыда лицензиясы жоқ жүргізушілерді анықтайтын жаңа технология іске қосылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Polisia.kz-ке" сілтеме жасап."

"Жаңа қызмет көлік құралын бейнетіркеу жүйесі арқылы анықтағаннан кейін оны жедел ұстау және тоқтату үшін деректерді патрульдік жасақтарға беруге мүмкіндік береді", - дейді қалалық полиция өкілдері.

Айта кету керек, елімізде көлікті құжатсыз басқарсаңыз, ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

25 қазанда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов 1 желтоқсанға дейін барлық полиция бөлімшелерінде бейнебақылау орнатылатынын жеткізген. Осы орайда биыл Ішкі істер министрлігі 16 658 камера орнатуды жоспарлап отыр.

Министр бұл жаңашылдық полиция жұмысын ашық етіп, қызметкерлердің әрекетіне шағымдану санын азайтады деп есептейді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер