Алматыда Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған мурал пайда болды

3958
Adyrna.kz Telegram

Алматыда қазақтың белгілі жазушысы Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған мурал пайда болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Муралдың ашылуы ақынның 90 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Арт-жоба Мақатаев пен Шәріпов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйдің қасбетіне салынған. Жоба авторлары - Нұрболат Аманқұл мен Абай Сұлтан.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, суретті салуға шамамен 5 күн, ал қабырғаны дайындауға бір апта уақыт кеткен. Бұл ретте суретшілер 50 литр бояу мен 100 аэрозоль құтысын жұмсаған. Қабырғаның көлемі шамамен 190 шаршы метр.

Муралдың ашылуына ақынның ұлы мен келіні Жұлдыз Мақатаев пен Бақыткүл Айдарова, "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, сондай-ақ 21 қазанда жарыққа шыққан "Мұқағали" фильмінің түсіру тобы қатысты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер