Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Хасанбой Дусматов пен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Сәкен Бибосынов жекпе-жекке шықты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Нәтижесінде қазақстандық үш раундта да басымдыққа ие болып, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. Осылайша, Белградта өткен әлем чемпионатының алғашқы сенсациясын Сәкен Бибосынов ұсынды.
"Адырна" ұлттық порталы.