Ангела Меркельге Германия канцлері ретінде өкілеттілігі аяқталғаны туралы ресми хабарлама табысталды. Құжатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырып, оған, Үкіметке алғыс айтты. Штайнмайер Меркель канцлер болған уақытты "Германия тарихындағы ұлы күндер" деп атады.
Германия Конституциясының 69-бабына сәйкес Президент канцлерден немесе министрден келесі адам тағайындалғанға дейін қызметін жалғастыруды талап ете алады. Канцлер де, министр де бұдан бас тарта алмайды.
Жаңа канцлер Социал-демократиялық партияның жетекшісі Олаф Шольц болады деп болжанып отыр, оның партиясы 25,7 пайыз дауыс жинап, 26 қыркүйекте өткен бундестаг сайлауында жеңіске жеткен еді.