Бір күнде 1100 адам: Ресей қырылып жатыр

9422
Adyrna.kz Telegram

Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясынан 1106 адам қайтыс болды деп хабарлайды Ресейдегі вируспен күрес бойынша жедел штаб. Бұл пандемия басталғалы бері жаңа антирекорд болып отыр. 

Жаңа өлімнің басым бөлігі Мәскеуде – 86 және Санкт-Петербургте – 72 тіркелді. Ресейде коронавирустан зардап көз жұмғандардың саны 232 775-ке жетті. Жалпы, Ресей Федерациясында пандемия басталғаннан бері COVID-19 8,3 миллионнан астам адамда анықталды, оның 7,2 миллионы сауығып кетті, 1 890 069 науқас дәрігерлердің бақылауында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер