ОСК басшысы Зайниддин Низамходжаев Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев 80,1 % жинап, сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Либерал-демократиялық партияның кандидаты Шавкат Мирзиеевке сайлаушылардың жалпы санының 80,1 пайызы дауыс берді, - деді Низамходжаев дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.
Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Максуда Варисова 6,6 пайыз жинап, екінші орында, "Миллий тикланиш" (Ұлттық жаңғыру) Ұлттық-демократиялық партиясының төрағасы Әлішер Қадыров 5,5 пайызбен үшінші орында тұрды. Төртінші - 4,1 пайыз жинап, Экологиялық партияның жетекшісі Нарзулло Обломуродов және "Адолат" (әділеттілік) социал-демократиялық партиясының төрағасы Бахром Абдухалимов, 3,4 пайызбен соңғы болды.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтағанын хабарлаған болатынбыз.
"Адырна" ұлттық порталы