Түркістанда 22 жастағы жас ана дүниеге үшем әкелді

8933
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының № 2 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- 22 жастағы Гүлмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2 200 гр, 2 310гр, 1 980 гр болған, делінген хабарламада.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшем перзентханадан шығуға әзір.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер