Өзбекстанның жаңа үлгідегі төлқұжаты қазақстандық ұлт туралы байырғы пікірталастың қайта туындауына түрткі болып отыр. Онда ұлты жазылатын жерге Өзбекстан деген сөз жазылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлихан Бәйменов кезінде "қазақстандық ұлт" идеясына қарсы болған азаматтарға әлеуметтік желі арқылы өз ренішін білдірді.
- Паспорттағы " nationality” этникалық ,немесе тектiк емес, азаматтық ұғым екенiн бiлетiн барлық мемлекеттер осылай жазады. Этникалық жазбаның қалуын сол мемлекеттердегi диаспоралар қолдауы мүмкiн, бiрақ мемлекетке атын берген этнос əдетте қолдамайды. Мысалы , Ресей паспортында этникалық тегi жазылуын татар, шешен т.б. қолдайды да , Ресей атын туындатқан этникалық топ, яғни орыстар, негiзiнен қолдамайды. Түркияда да солай. Елдiң iшкi бiртұтастығын қамтамасыз етуде Ɵзбекстан жасаған үлгi маңызды. Бiр қызығы," Қазақстанда бiр ғана қазақ ұлты бар" деп сɵйлейтiн азаматтар мəселенiң тереңiне үңiлмегендiктен бiзде осындай шешiм қабылдауға қарсы шығып, тоқтатып тастады. Нəтижесiнде , жүз шүршiт болса ,оларды ɵзiмiз мiндеттеп, этникалық тегiн жазғызып , есiне салып тұратын паспорт қалды бiзде. Бiр ұлт болып ұйысу iсiнде басқа да қаптаған мəселемен қатар бұл да тұсау. " Кейде кɵзi ашықтың кɵкiрегi ояу болмаса, кейде кɵкiрегi ояудың кɵзi ашық болмайды"деп дəрiстер мен кездесулерде айтатынымның бiр кɵрiнiсi. Сондықтан да азаматтық - хақтық ағарту маңызды", - дейді Әлихан Бәйменов.