28 жастағы қазақстандық Қытайға бала туып, сатқан

4732
Adyrna.kz Telegram

Красноярск қаласында суррогат аналарды іздеу және Қытайға бала сату ісі бойынша қылмыстық іс ашылды. Суррогат аналардың ішінде Қазақстанның 28 жастағы азаматшасы да болған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "inbusiness.kz-ке "сілтеме жасап. 

Қазақстандық әйел өз баласын Ресейде сатқаны туралы биыл қыста хабарланған болатын. Әйел адамға Камбоджа Корольдігі Пномпень қаласында ұрықтандырудың медициналық рәсімі өткізілген. 2020 жылдың сәуірінде ол Ресейде баласын туып, ол үшін 13 мың доллар алған.

Енді қылмыстың мән-жайы анықталды. Тергеу басқармасының мәліметінше, бала сату іс бойынша 10 күдікті бар, оның бесеуі - суррогат ана.

Тергеу болжамы бойынша алаяқтар Ресей мен Қазақстаннан ақша үшін суррогат ана атануға дайын әйелдерді іздеген. Олар бала көтергеннен кейінгі медициналық процедура Камбоджада жүргізілген. Ал баланы Красноярскіде босанған.

Балалар Қытайға жіберілуі керек болған, алайда бұл іс коронавирус пандемиясына байланысты жүзеге аспай қалған. Бүгінде тергеу мәліметінше, суррогат аналар босанған 19  бала бар. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер