Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

522

Макон қаласында (АҚШ) осы аптада ITF 8 сериясындағы халықаралық теннис турнирі өтуде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Турнирге қазақстандық спортшы Зарина Дияс та қатысады, деп жазады ҚР ҰОК.

Ширек финалдағы кездесуде Зарина америкалық қарсыласы Виктория Дувалды жеңді. 1 сағат 16 минутқа созылған тартыс 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.

Қазақстандық теннисші енді финалға шығу үшін Беатрис Хаддад Майямен (Бразилия) кездеседі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар