Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді

2258
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/bf9e4663-1279-4f5a-b519-4238733e4dc6.jpeg
Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді. Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды. Қойылымдардың күні мен уақыты: 26 қазан күні, сағат 15:00-де «Жаңаталап» мәдениет үйі 27 қазан күні, сағат 15:00-де «Шапырашты» мәдениет үйі 29 қазан күні, сағат 15:00-де «Сайрам мәдениет» үйі Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.
Комментарии