Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас аймағында 201-ші Ресей әскери базасының сарбазы жоғалып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі CentralAsia-ға сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, Сергей Чекалин осы аптаның басында Момирак полигонынан қашып кеткен. Алайда оның қарулы немесе қарусыз кеткені туралы ақпарат жоқ. Бұл полигонға ресейлік әскери қызметшілер жеке құрамның жаттығуларына жіберілді.
Әзірге Тәжікстандағы Ресей әскери базасының басшылығы бұл жаңалыққа ешқандай түсініктеме бермеді.
Қазіргі таңда Чекалиннің суреттері Шамсиддин Шохин ауданының тұрғындарына таратылып шықты.
«Адырна» ұлттық порталы