«Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

1967
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте қиын-қыстау кезеңде қарапайым халыққа қол ұшын созуға дайын қайырымды азаматтар жетерлік. Бүгін жақсылық жасап жарысқан «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Меценаттарды қолдап ынталандыру үшін және қайырымдылыққа қоғам назарын аудару мақсатында тағайындалғанбұлсыйлықбірнеше номинация бойынша берілді.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан  «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты»,  «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы»,«Жылдың үздік қамқоршысы» номинацияларын салтанатты түрде табыстады. Айта кетейік, биыл қалада  «Жомарт жүрек» номинациясына барлығы 32 үміткер тіркелді. Оның  ішінен 20 азамат 5 номинация бойынша марапатталып, қалалық кезеңге 5 азамат іріктелді. Енді осы іріктеуден өткен бес лауреат республикада өңіріміздің атынан «Жомарт жүрек» сыйлығының номинацияларын алу үшін сынға түсетін болады.

Талғат Исақов -«Балл текстиль» ЖШС директоры

Зәуре Оралбаева- Шымкент қаласы бойынша «Рухани  17жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі 

Пікірлер