Шымкентте жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

2017
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте жылыту маусымына дайындық жасалуда. Қаланың 80-85 пайызын қамтитын «3-Энергоорталықта» қазір модернизациялық жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл шаралар апатты жағдайлардың алдын алып, халыққа үздіксіз сапалы жылу беруді қамтамасыз етеді дейді салаға жауаптылар. Ал жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар тарифке әсер ете ме?

40 жылдық кәсіпорын жылына орта есеппен 700 млн квт/сағатэлектр энергиясын өндіреді. Қаланың ескі шағынаудандарын қамтитын «3-Энергоорталықта» модернизациялық жұмыстар биыл да жалғасты. Айта кетейік, 5 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыруға 670 млн теңге бөлінген. Қазір үшінші қазандықтықта жөндеу жүріп жатыр. Жұмыстар 90-95 пайызға аяқталуға жақын дейді кәсіпорын басшылығы.

Қайрош Оңғарбаев «3- Энергоорталық» АҚ бас директоры:

Айта кетейік,қалада жылу энергиясын өндіру қызметтерінің тарифтері төмендетілді. Төмендетілген бағалар 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Алайда кәсіпорын тиісті департаментке алдағы жылы тарифті қымбаттату бойынша ұсыныстарын жолдаған.

ДАРХАН ҚАЙНБЕРДИЕВ -ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ 6799 2/18

Кәсіпорындажөндеу жұмыстары індет ушыққан кезеңде де тоқтамаған. Басшылық биыл электр энергиясын өндіруді былтырғымен салыстырғанда едәуір ұлғайтамыз деп отыр. Бұл инвестициялық саясаттың нәтижесі деп марқайған  салаға жауаптылар биылғы қысқа сақадай саймыз деп сендірді.

 

М.Рысбаева                 

Пікірлер