Мектеп оқушыларын жан басына қаржыландырудың тиімді тұсы көп!

490

Мектеп оқушыларын жан басына қаржыландырудың тиімді тұсы көп.Ол,бәсекелестікті арттырып, білім сапасының жақсаруына септігін тигізіпті. Тіпті осы қаржынының есебінен білім ошақтарының материалдық техникалық жағдайы дажақсарған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалыжанындағы Білім және ғылымды дамыту және Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды.

Жыл сайын Шымкентте мектепке баратын оқушылардың саны артып келеді.Биылғы жылдың өзінде 50 жеке меншік мектеп ашылған. Әр бала басына қаржы бөлініпті. Алдағы уақытта мегаполистағы бала саны аз мектептердің басшылығын біріктіру де жоспарда бар екен. Бұл арқылы бөлінген қаржыны тиімді жұмсау көзделіп отыр.

Жанат Тәжиева-Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы  01,15Жеке меншіктегі 1-4 сыныптарға 380 млн теңге.5-9 сыныптарға бір жылға 560 мың теғге, 10-11 сыныптарға 630 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыларға ең алдымен еңбекақы  мен материалдық  жағдай жақсартылды.

Жиын барысында білім саласындағы өзекті мәселелер де айтылды. Өкініштісі, аутист балалардың саны артқан. Олармен жұмыс істейтін маман жоқтың қасы. Сонымен қатар, бастауыш сыныптардағы орыс тілі мұғалімдерінің саны жетіспейді екен. Ал, мектеппен қамтамасыз ету мәселесіне жеке  кәсіпкерлерді тарту арқылы бұл мәселеге алдағы бірнеше жылда нүкте қойылмақ.

Баршагүл Исабек-«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық    филиалы жанындағы Білім және Ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы  01,25 үш ауысымдағы мектепті жою көзделген болатын. Дәл қазіргі уақытта 14 тен 9 ға түсті.  Ал, 2023 жыл үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі. 02,07 Шымкентте 2 апатты мектеп болатын. Біреуі 79 ыншы мектеп.Жабдықталудан өтті.

Білім басшысының айтуынша мектептерді жаңа технологиямен жабдықтау қарқын алған. Оқулықтармен қамтамасыз ету де жолға қойылған. Көру қабылеті нашар оқушыларға қажетті оқулық үшін қомақты қаржы қарастырылыпты.

 

Гүлмира Оңласбекова

Пікірлер
Редакция таңдауы