Қала әкімі мектептегі спорттық секциялармен танысты

453

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аралаған тағы бір мектеп Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы. Бұл білім мекемесі қалада алғаш рет ұйымдастырылған «Жастар лигасында» волейболдан бірінші орынды алған. Білім ордасының оқушылары 20 млн теңге қаржылай сыйлықты мектепке сыйлап, ол қаржыға «Шымкент – қайырымды қала» қоры арқылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана жылжымалы интерактивті панель алынды.

Әкім оқушылардың бұл игі ісіне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да спорттық жарыстарда алдыңғы қатардан көрінетіндеріне сенімді екенін жеткізді. Өз кезінде балалар келер жылыда спорттық жарысқа қатысатындарын айтып, білім мен спортта алда болатындарына сөз берді.Білім мекемесін аралау барысында қала басшысы «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша ұйымдастырылған оқырман бұрышымен және волейбол, баскетбол, футбол мен шахмат  үйірмелерінің жұмысымен танысты.Қазақстандағы балалар спортын дамыту - мемлекеттің басым мақсаттарының бірі екенін айтқан шаһар басшысы соңғы жылдары қалада көптеген ашық стадиондар мен жаттығу кешендері салынып жатқанын тілге тиек етті.

Пікірлер
Редакция таңдауы