Шымкентте жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

460

Шымкентте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы “Жастар ресурстық орталығымен” бірлесе ұйымдастырған іс-шара жұмыссыз жастарға арналды. «Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесіне шаһардағы 50-ге жуық жұмыс беруші мекеме қатысты. Екі қолға бір күрек іздеген жас мамандарға қандай бос орындар ұсынылды?

«Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесіқала жастарының сүйікті орнына айналған Арбат алаңында өтті.   Мұнда  9 мыңнан астам жұмыс орны ұсынылды.  Жалпы қала аумағындағы мекемелерде   медициналық, техникалық және педагогикалық мамандықтар бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары жетерлік екен.   «AZALA Textile», «Сити Строй», «Реголат», «Казнур», «Альфа-ЮГ», «Аsia Trafo» ЖШС-і,  «Магнум, «Фиркан»ЖШС сияқты ірі сауда желілері мен кәсіпорындарда екі қолға бір күрек табуға мүмкіндік бар.

Балмаржан Нарбекова, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: 1/06-20  Бізде шалға шағынаудандар көп. Сол үшін арнайы керуендер ұйымдастырып ондағы тұрғындарды қамтимыз...

Жәрмеңкеде тек жұмыс табуға ғана емес мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіп бастау мүмкіндіктерімен танысуға да жағдай жасалды. Айкүміс Орынбек - жас маман. Екі қолға бір күрек таппай жүрген қала тұрғыны жәрмеңкенің мүмкіндігін пайдаланып жұмыс орнына жолдама алды.  Мамандар қолөнершіге алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама аясында  сүйікті ісін кәсіпке айналдыруға болатын да түсіндірді.

Айкүміс Орынбек, қала тұрғыны 0900 3/10

Жәрмеңке тек жұмыссыз  жастар үшін ғана емес  жұмыс берушілер үшін де тиімді.  Олар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» , «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша жастарды жұмысқа шақырды. Мәселен, қазір бір ғана «Магнум» сауда үйінде 50 шақты жұмыс орны бос тұр екен. Орталықта студенттер үшін де жұмыс табылады.

Анна Солдатова «Магнум» сауда үйінің өкілі: 0882 1/14-42 «Студенттерге ыңғайлы жұмысқа шақырамыз... »

Салаға жауаптылар жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 18 мыңнан астам тұрғынды жұмыспен қамту шараларына тартқан. Олардың ішінде 2 жарым мыңға жуығы жастар практикасымен, 100-ден астам жас  алғашқы жұмыс орны жобасымен екі қолға бір күрек тапқан.

 

М.Рысбаева

Пікірлер
Редакция таңдауы