Шымкенттік кәсіркерлер отандық дәрі-дәрмек өндірісін өркендетуде зор үлес қосуда

1334
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Жолдауда отандық дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін 50% жеткізуді тапсырды.Ол аталған салаға инвесторларды тартып, озық технологияны енгізіп, жаңа зерттеу жұмыстарын жүргізу керегін айтты.Бұл ретте шымкенттегі «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС қосар үлесі зор болмақ. Жалпы жүктелген міндет миллионды қалада бүгінгі таңда қалай жүзеге асуда?

«ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасыаясында  2012 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі- медициналық бұйымдар өндіру болып табылады. Атап айтқанда әр түрлі қоспалары бар бір реттік стерильді вакуумды пробиркалар, 60 типті, медициналық бір реттік стерильді екі жақты инелер, 7 түрлі және ине ұстағыш өндіріледі. Ұйымның өндірістік қуаты жылына 140 миллион дана медициналық бұйымдарды құрайды.

Аязбек Олжабай- сынақ орталығының директоры

Зауыттың өндірістік алаңы 5000 м2 құрайды. Кәсіпорында 200 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінгі күнге дейін 4 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.Компания Оңтүстік Корея, Австрия, Швейцария және басқа да еуропалық елдердің тиімділігі жоғары қондырғыларын қолдануға негізделген қатаң өндірістік процесті ұстанады.Сонымен қатар, осы жабдықтың білікті операторларының жұмысына сүйенеді. Қызметкерлер өндірілген медициналық құрылғылардың маңыздылығын біледі. Операторларды дайындау процесі және біліктілік деңгейі әрдайым бақыланады.

ҚарлығашУмирова ,«ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС технологы

Айта кетейік,компанияда ISO 13.485 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі бар. Қазіргі уақытта өнімдер Өзбекстан, Украина, Ресей мемлекеттерінде тіркелген. Осы аталған мемлекеттерге және Еуропа елдеріне өнімдерді экспорттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

НазкенСкандар

Пікірлер