Қазақстан аумағы арқылы Қытай - Еуропа - Қытай бағыты бойынша тасымал көлемі 41% -ға өсті

1324

Бұл туралы бүгін Ляньюньганда (Цзянсу провинциясындағы қалалық округ, ҚХР) өтіп жатқан Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің кәсіпкерлер форумында "KTZ Express" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Игембаев мәлімдеді,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "KTZ Express" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"KTZ Express" - тің негізгі бағыттары контейнерлік сервисті ұсыну, мультимодальдық тасымалдауды, құрама жүктерді тасымалдауды, қойма логистикасы мен кедендік ресімдеу қызметтерін ұйымдастыру болып табылады. "KTZ Express" ел аумағы арқылы өтетін барлық бағыттар бойынша көлемді ұлғайтуға бағытталған үздіксіз жұмыс жүргізуде.

- Біз айтарлықтай өсімді байқап отырмыз, транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 2021 жылдың 9 айында 795 мың ЖФЭ-дан асып, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% - ды құрады. 2021 жылдың 9 айында Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша тасымал көлемі 493 мыңнан астам ЖФЭ құрады, өсім 41%, -  деді Нұрлан Игембаев форумда сөйлеген сөзінде.

Ол сондай-ақ Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік маршруттар Ресей нарығында жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті.

- Қытай-Ресей-Қытай бағытында 2021 жылдың 9 айында тасымал көлемі 47 мыңнан астам ЖФЭ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66% - ды құрайды. Қытай - Орталық Азия бағыты бойынша 2021 жылдың басынан бері тасымал көлемі 168,2 мың ЖФЭ құрады, өсім 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% - ды құрады, - деді ол.

Компания Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдарға көп көңіл бөледі, біз бұл маршрутты ТХКБ деп атаймыз.
ТХКМ бойынша тасымалдау көлемі жыл басынан бері 10 мың ЖФЭ құрады, бұл 83%-ға өсті.

- Сондай-ақ, KTZ Express Ресей, Балтық порттары және ТХКБ арқылы ҚХР-ЕО бағыты бойынша қосымша бағыттарды дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Олардың қатарында Түркияға контейнерлік пойыздармен қазақстандық бидайды экспорттау бойынша жаңа жобалар және ҚХР - ға Ореп top контейнерлері мен Таяу Шығыс елдері, Африка әмбебап контейнерлері бар, - деді Нұрлан Игембаев.

- Контейнерлеу туралы айтқанда, бүгін біз Қостанай, Көкшетау, Атбасар қалаларынан Қытайдың Ляньюньган, Циндао және Сиань қалалары бағытында экспортқа контейнерлердегі қазақстандық астықты жеткізудің логистикалық тізбегін пысықтадық және табысты ретке келтірдік. Сонымен қатар, мультимодальдық Транскаспийлік маршрут бойынша қазақстандық Ақтау теңіз порты арқылы Әзірбайжан Баку портына дейін Түркия бағытында, - деді ол.

Бұдан басқа, "ҚТЖ" ұлттық операторының логистикалық қызметтерін сатудың бірыңғай терезесі бола отырып, KTZ Express бірқатар көліктік-логистикалық қызметтерді енгізу және дамыту бойынша жұмыс жүргізеді, бұл 3PL операторының қызметтері, қойма қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз ету, кедендік-брокерлік қызметтерді дамыту, LCL тасымалдарын дамыту және тағы басқалар.

KTZ Express Қазақстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан 300 шақырым жерде қойма логистикасын белсенді дамытуда, "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА аумағында компания KIF Warehouses жобасын жүзеге асыруда – бұл ауданы 24 664 шаршы метр "А" класты қойма ғимараты.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы қоймалардың қолайлы географиялық орналасуы біздің тұтынушыларға Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия, Қытай, Еуропа, Түркия мен Парсы шығанағы елдерінің кең нарығына ашық қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта "Қазпочта" АҚ-мен бірлесіп "KIF Warehouses" ЖШС қоймаларында бонд аймағын ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, "біз онлайн сервистерді белсенді түрде дамытып, клиенттермен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасау үшін қолайлы жағдайлар жасаймыз. Сайтта жеке кабинет ашылды my.ktze.kz он-лайн өтінім беру мүмкіндігімен. Бұдан басқа, біз әлемнің кез келген нүктесінен нақты уақыт режимінде жүктерді орналастыру деректерімен жұмыс істеу үшін жаңа "бақылау" өнімін енгіздік. Жүйе дислокация мен қашықтық деректері негізінде вагонның келу болжамын автоматты түрде жасайды, вагон тапсырмаларының орындалуын, рейс кезеңдерінің ұзақтығын және т.б. бақылауды жүзеге асырады", - деп түйіндеді Нұрлан Игембаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы