Таэквондодан халықаралық жарыс басталды

220

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика кешенінде тхэквондадан Шымкент ашық кубогы жолындағы халықаралық жарыс басталды. Сайысқа еліміздің барлық өңірінен, көршілес Өзбекстан,Тәжікстан елдерінен мыңға тарта спортшы қатысуда.

Жарысқа қатысушы спортшылар арнайы санитариялық талаптарды толық сақтауы тиіс. Ашық жүйесі бойынша өтіп жатқан жарыс белгілі кәсіпкер болған Рашид Жұмановты еске алуға арналады. Ашық кубокты сарапқа салу барысында,ересектермен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында да жеңімпаздар анықталады.

Шадияр Қондыбаев тхэквондодан республикалық федерациясының вице-президенті, 7 дан қара белбеу иегері

Бұл жарыстың басты мақсаты олимпиада ойындарынан кейінгі Ұлттық құрама мүшелерін іріктеу болып табылады. Тірнирді өткізуші Шымкент қалалық таеквондо федерациясының президенті Нұрсұлтан Жуманов жеңімпаздардың барлығына арнайы жүлделер табыс етілетінін айтты:

Нұрсұлтан Жұманов Шымкент қалалық тхэквондо федерациясының президенті

Бүгінгі іріктеу сайыстарында көршілес мемлеттердің атлеттерімен,Бектұр Өтебаев пен бас бапкер Давран Ризаевтың шәкірттері, Шымкент қаласының таеквондошылары сәтті өнер көрсетті. Ал 10 тамыз күні ақтық бәсекедегі жекпе-жектер өтеді.

 

МАҚСҰТ АЙТЖАНОВ

ІЛИЯС ЖОЛДАС

Пікірлер
Редакция таңдауы