Тілдер мерекесі аталып өтілді

2068
Adyrna.kz Telegram

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – ол тілі. Тілге құрмет, ол туған жерге деген құрмет, елге, ұлтқа деген құрметі. Мемлекет басшысы. Жолдауда «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл - қазақ тілі Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясттың басым бағытының бірі болып қала береді. – деп атап өткен болатын. Оған қоса осыдан тура 23 жыл бұрын ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек болып жарияланған «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі 2017 жылдан бастап 5 қыркүйекке ауысты.

Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шаралар, карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді. Айтулы күнге атсалысқан мәдениет саласының қызметкерлері қаланың "Абай" және "Жеңіс" саябақтарымен Арбат аумағында тілге құрмет көрсетті.

«Абай» саябағында өткізілген "TilTime" мерекелік іс-шарасы аясында балалар бормен сурет салып, сөзмерген сайысында сұрақтарға жауап берді. Ал, латынша ән шырқаған қонақтар өз шеберліктерімен көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ, "Сөйлеtime" салтанатты шарасы барысында тіл үйренушілер қазақ тілі сабағын өткізсе, "ҚАЗТЕСТ" бағдарламасы бойынша қызығушылық танытқандар білімдерін тексеріп тест тапсырып, диктант жазды. Мерекелік шараға арнайы қонақ болған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұханда белсенділік танытты.

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Мерекелік шараның бір бөлігі "Жеңіс" саябағында өтті.  "Тіл және әдебиет" атты кітап көрмесін ұйымдастырған кітапханалар "Оқуға тиіс 10 кітап", "Жаңа гуманитарлық білім»,  «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық", "Қазақша 100 бестселлер" сериясымен шыққан кітаптарды көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, айтулы күннің аясында тілдік танымды арттырып, жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беретін "Тілашар" сөздігінің тұсауы кесілді. Сөздікті қолына алған кәріс ұлтының өкілі  ................ Ким қаным кәріс болғанымен, жаным қазақ, дейді.

Павел   Ким – студент

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мәдениет үйлері де бұл күні қарап қалмады. "Күлтегін", "Әбу Насыр Әл-Фараби", "Абай", "Ыбырай Алтынсарин", «Науаи мен Байқара" қойылымдарын қойған театр ұжымдары келуші қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл күй сыйлады.

Ханзада Есенова – Шымкент қалалық  мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы

Өзге этностардың мәдениеті мен тілін құрметтей отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараға тіл мәселесін көтеріп жүрген тіл жанашырлары мен қала тұрғындары да қатысты. Араларында белсенділік танытып, ұйымдастырылған ойындарға атсалысқан шымкенттіктер марапатталды.

 

Г.Асқарқызы

Пікірлер