Жодауды жүзеге асыру бойынша актив отырысы өтті

1402
Adyrna.kz Telegram

Күні кеше ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын жүзеге асыру мақсатында бүгін қала активі бас қосты. Жиында жан-жақты талқыланған жеті бағыт пен жария етілген бес бастама бойынша нақты тапсырмалар берген қала әкімі Мұрат Әйтенов жұмыстың өз деңгейінде орындалуына барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып өтті.

Осымен Қазақстан халқына үшінші мәрте үндеуін арнаған мемлекет басшысы, басымдықты әрдайым қолайлы орта қалыптастыруға беріп келеді. Бұл жолы да сол алған бағытынан танбады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мерзімін ұзартқан президент экономиканың өзегін талдырмауға барымызды салу керекпіз, деп қадап тұрып айтқан болатын. Күні кеше айтылған тапсырмаға, бүгін жоспар түзіліп оның жүзеге асырылуын қала әкімі тиісті сала басшыларына жүктеді.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Пандемия денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Осы орайда,  отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін бүгінгі 17 пайыздан 50 пайызға жеткізу межесін белгілеген мемлекет басшысы, індеттен құтылудың жалғыз жолы вакцина салдыру деп түйді. Бұл ретте үшінші мегаполисте фармацевтикалық кластер дамығанын тілге тиек еткен қала әкімі, медицина жабдықтарының өндірісі де жолға қойылғанын қайталап өтті.  Ал, бұқаралық спортты дамыту бойынша мегаполисте биылдан бастап шалғай елді мекендерде 115 спорт алаңшасын орналастыру бастамасы іске асырылуда. Спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, деді қала басшысы көпшілік алдында.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Жолдауда айтылған жеті бағыт пен бес бастаманы егжей-тегжейлі талқылаған қала активі, үшінші бағыт, яғни сапалы білім жайында ұзақ сөз етті. Президент цифрландыру жөніндегі ұлттық  жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлауды тапсырды. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі өзінің орынбасарларына  білім беру ұйымдарындағы STEM кабинеттерінің тиімді жұмыс істеуін қадағалауды, ІТ-мамандар даярлаудың қалалық кешенді жоспарын әзірлеуді жүктеді.Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес, биылдан бастап Шымкенттің шалғай елді мекендерінде 115 спорт алаңшасын салу бастамасы іске асырылып жатыр. Спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.

Икрамжан Хашимжанов – «Қазақстан өзбектері» достық қауымдастығының төрағасы

Пікірлер