Білім беру нысаны тағы біреумен толықты

197

Жаңа оқу жылында жаңа мектеп. Шымкентте 10-11 сыныптарға арналған алғаш рет «125 Hıgh School» мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Білім ұясының басты ерекшелігі ҰБТ бағытында жұмыс жасайды.

Жаңа мектеп -  заман талабына сай салынған. Ғимараттың ішінде пәндік кабинеттер,компьютер сыныбы, мәжіліс залы, асхана, медициналық бөлме бар. Барлығы қажетті құрал - жабдықтармен толық қамтылған. Мектептің оқу ақысы айына 59 мың тг. Бұл баға қыркүйек айының соңына  дейін сақталады, ал қазанның 1нен бастап өзгерістер енгізіледі.

Оралхан Омаров –«125 Hıgh School» мектебінің директоры

Білім ордасында ҰБТ ға керек тек 5  пән оқытылады. Ал қалған пәндерден тоқсан соныңда оқушы мұғалімнің тапсырмаларын орындау арқылы бағаланады.Сонымен қатар, оқу ақысына Мемлекеттік аттестат,ҰБТ ға сапалы дайындық, менторлық сабақтар, мамандық таңдау, компьютерлік тестілеу, активитилер, коворкинг, оқу материалдары кіреді.

Аружан Махамбет - оқушы

Айта кетейік, мектеп жалпы 320 оқушыға арналған, әзірге 18 мұғалім жұмыс істейді. Шәкірттер 1 ауысым бойынша білім алатын болады. Мықты маман, педагог кадрлары іріктелген оқу ошағы алдағы уақытта тың серпінмен қуантпақ.

 

Назкен Скандар

Пікірлер
Редакция таңдауы