Семейде көпірдегі көктайғақ салдарынан ірі жол апаты болды. Полицияның мәліметінше, алты көлік соқтығысқан деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Аrnapress.kz" сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 16 қазанда таңғы сағат 8.30-да жаңа автожол көпірінде болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
"Lada көлігінің 23 жастағы жүргізушісі көктайғақта көлігін басқара алмай үш көлікпен, Mitsubishi, Volkswagen және Hyundai-мен соқтығысты. Ал Hyundai Toyota маркалы тағы екі автокөлікті қақты", - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері.
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Адырна" ұлттық порталы.