Демократия көрсеткіші: Қазақстан 167 елдің ішінде 128-орында

2944
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайланды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында Қазақстан 2022-2024 жылдарға Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі болып сайланды.

Кеңес жұмысының басым бағыттары мынадай болып белгіленді: гендерлік теңдік, өлім жазасын жою, барлық түрдегі кемсітушілікке қарсы күрес, діни сенім бостандығы, инклюзивті білім беру және коронавирусқа қарсы күресте адам құқықтарын құрметтеу.

Айта кету керек, гендерлік теңдік индексінің рейтингісінде Қазақстан 156 елдің ішінде 79-орында, ал демократия деңгейі бойынша 167 елдің ішінде 128-орында тұр. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер