«Junior Eurovision 2021»: Ұлттық іріктеудің 10 финалисі анықталды

363

12 қазан күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алу құқығы үшін жарысқан 10 орындаушының есімі белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның төртінші мәрте қатысуы - «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.

Ұлттық іріктеудің өтуіне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктері қолдау білдірді. Жоба «Хабар» Агенттігінің серіктесі - «ADAM media group» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Жобаның jevision.khabar.kz ресми сайтында көрермендердің онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша финалистердің есімдері белгілі болды. Олар:
1. Амантай Айганым Айбекқызы
2. Бекнұр Жәнібекұлы
3. Асгатова Амина Бауржанкызы
4. Саакян Армен Ервандович
5. Хамзин Алинур Азаматович
6. Табарина Екатерина Денисовна
7. Маким Жан Алиұлы
8. Түгелбай Әлімжан Майрамбекұлы
9. Жұмабай Абілқайыр Досанұлы
10. Суленова Адина Ерлановна

Биыл, өткен жылғы дәстүрмен, еліміздің композиторлары финалистерге арнайы 2021 жылдың 6 қарашасында «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін гала-концертте шырқалатын 10 әнді жазып береді. «Junior Eurovision»

Ұлттық іріктеу жеңімпазын әділ қазылар алқасының бағалауы және қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы