20 миллион теңгеге алдап соққан - сериялық алаяқ қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)

590

Алматы облысында зейнеткерлер мен мүгедектерді алдаған сериялық алаяқ ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Өткен айдың соңында Есік қаласының 66 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полициясына жүгініп, 80 мың теңге көлемінде ақшаны алаяқтық жолмен иемденген белгісіз тұлғаға шара қолдану туралы өтініш білдірген.

Полицейлер 32 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу барысында ер адамның екі жыл бойы алаяқтықпен айналысқаны анықталды. Бүгінгі күні оның 17 алаяқтық фактісін жасауға қатысы бар екендігі дәлелденді, оның залал көлемі 20 миллион теңгеден асады. Алаяқтықтың негізгі бөлігі зейнеткерлерге, мүгедектерге әлеуметтік төлемдерді, зейнетақылар мен жәрдемақыларды көбейту үшін жасалған.

Айтуларынша, күдікті өзінің қылмыстық әрекетін 2019 жылы бастаған.

Күдікті адамдарды қалай алдап, азаматтарға жүгінгенін айтып берді.

"Мен адамдарға айтар едім: ешкімге сенбеңіздер. Қазір интернет-алаяқтар көп. Тек мемлекеттік органдарға немесе сол банкке хабарласыңыз (егер сіз алаяқтыққа тап болсаңыз - редактордың ескертуі),- деді ол.

Сондай -ақ, ұсталған адам «газеттерді көбірек оқып, жаңалықтарды көруге» кеңес берді.

Ондағылардың бәрі алаяқтық туралы көрсетеді, айтады, құлағдар етеді, - деп қорытындылады күдікті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар