Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады, - деді Берік Уәли.
Айта кету керек, 2022 жылы ТМД төрағалығы Қазақстанға өтеді.
"Адырна" ұлттық порталы