Бүгін қоғам белсендісі, ұлтшыл-патриот Марғұлан Боранбайдың туған күні.
Осы күнде бұл азаматымыз ұлттықаралық араздықты қоздырды деген айып тағылуына байланысты тергеу изоляторында қамауда отыр.
ТОМАҒА САП, ҚЫРАНҒА ТОР ҚҰРМАЙЫҚ
Құстар болар тотыдай торға лайық,
Торға қамап қыранды қор қылмайық.
Орнын баспайды...
Сұрқылтай салмағы жоқ,
Сауысқан мен қарғаны зор қылмайық.
Томаға сап, қыранға тор құрмайық,
Қанатынан қайырып кем қылмайық.
Заңғар көктің еркесін жерге жығып.
Қара ниет қарғаға жем қылмайық.
Қор қылмайық қыранды, қор қылмайық,
Құзғын қысса қырғиға зар болмайық.
Шашып жейтін қыранды торға қамап,
Басып жейтін қарғаға жем болмайық.
Басқаларда қыран бар, кем болмайық,
Сардар болар сұңқарды торға қамап.
Сауысқан мен қарғадан жасқанатын
Қыраны жоқ, қырты көп Ел болмайық!
Автор: Мұқтарбек Тұрысбекұлы,
"Адырна" ұлттық порталы