Ғаріп қалалық кітапханадан кітап қарап жүргенде арғы сөреден бір сұлуды көрді. Әлгі сұлуды көргенде іздеп жүрген кітабында ұмытып кетті. Шаң басқан кітаптардың арасынан аңдып-сығалап сұлу қызға көзі түсіп қарай берді. Сәлден кейін ол қыз алар кітабын алып кітапханадан шығып кетті. Ғаріп болса кітапханашыдан әлгі сұлудың байланыс нөмерін сұрады. Жүйкесі жұқарған кітапханашы; -Не, сен кітапханаға кітап алуға келдіңбе, әлде қыз қарауға келдіңбе? Жоқ нөмері менде – деді де өз шаруасын соға берді.
Ғаріп көрген сұлуды ойынан шығарар емес. Жатса, тұрса құдды бір көз алдында тұрғандай. Аспан мен жерге қарап «Арамызда дәл осындай суық екен»-деп қоя берді. Ғаріп ол қызды іздеумен жүргенде ел қызметіне аттанып кетті. Сөйтіп бір жыл уақытты құм сағаттай өткізіп елге оралды. Елге оралып біраз күндерден кейін кітапханадағы көрген сұлуын қайтадан іздеуге шықты. Әрі іздеп , бері іздеп таба алмады. Әлеуметтік желіні сан қопарды. Амал не таба алмады? Бір күні болмасын, бір күні табылар деген ниетпен жүрді. Осы бір сөзді Ғаріптің аузына бұ құдай салып қолғандай. Ғаріптің студент кезінен араласып келе жатырған Нарғыз деген досы болатұғын. Жатақханада бәлен жыл бір қабатта тұрды. Екеуіде бір манадықта оқитын. Екеуіде өз кезеңдерінде сен тұр, мен атайын еді. Бірде Ғаріп Нарғыздың жеке парақшасына кіріп , суреттерін ақтарып отырады. Сөйтіп отырып суреттердің арасынан әлгі сұлудың бейнесін көріп қалып Нарғыздың жеке парақшасына шығып;
-Сәлем, Нарғыз қалайысың? Мына қыз кім – деп сұрақты төтесінен бір қойды.
-Сәлем, Шүкір. Құрдасым – деп Нарғыз жауап қатты.
Ғаріп «Нарғызда толық мәлімет бермеді», -деп бір күсрісініп алды.Біраз күндер өткеннен кейін Ғаріп Нарғызға қайтадан ұялы телефонмен хат жазды.
-Нарғыз, сәлем. Сенде бір қызметім бар.
-Сәлем , қызметің болса айтағой досым. Көмек тесуге әзірмін.
-Ол, сондай сүйкімді. Ибалы, салиқалы. Ана мен баба тәрбиесін көрген салмақты қыз екендігі түрінен көрініп тұр. Сүмбіл шашты . Басқасын айтпағанда ол қыз мына Ғаріптей ақынның жүрегінен шабытты дүр сілкіндірді. Сен осы қыз туралы мәлімет тауып бере аласыңба?
-Ғаріп сенің осылай жұмбақтап сөйлейтінің барғой... Ал енді бұны қайдан тауамын. Бәлки Қызылорданың қыздары емеспе?
-Жоқ. Жалғыз Қызылорданың қыздарының осындай теңеуге сай келеме? Ол даналардың данасы, кітапхана оның мекені көрінеді. Ұлылардың ортасында жүріп өзіде ұлы тұлға сияқты болып көрінеді...
-Ой, Ғарйп енді түсініп жұмбағының шешуін тауып отырмын. Сен дәуде болса тіпті нақтысын айтқанда сен Дананы меңзеп отырсыңғой менің құрдасымды.
-Ия, Нарғыз дәл өзі. Өздігімнен бірден парақшасына жазғаным қате болар. Сені ортаға салғым келіп тұр. Ләмин бір арам пиғылым жоқ. Ақ жүрекпен, әппақ ниетпен тілдескім келіп жүр.
-Ғаріп сені білемінғой. Неше жыл сырлас болдық. Бір сен туралы жаман сөз естіп көрмеппін. Ниетіңнің адал екеніне жүз пайыз сенемін. Бірақ саған Дананың нөмерін берсем ол сені қара жәшікке салып тастауыда мүмкін.
-Оныңа келісемін. Әбден мүмкін. Өйткені ол бір беткей қыз екені түрі айтып тұр. Сен бір мәнісін тап Нарғыз. Саған сеніп отырмын.
-Жақсы маған сенуіңе болады. Айтпақшы бір-екі күнде бізде сиыршық болады. Сол кезде Данамен сөйлесіп көрейін. Бірақ нақты ешқандай ақиқатты дүп басып айталмаймын. Дегенменде деген екенмін, дегенімді амалданып көрейін.
-Рахмет Нарғыз. Алғысым алладан қайтсын.Сеннен бір жақсы хауар естимін деген ойдамын.
Ғаріптің күні күн санаумен өтіп жатыр. Нарғыз неғылды екен? Қайтіп жатыр екендеп ойлаумен жүрді. Әлсін-әлсін Дананың суретіне қарап қояды.
Әттең сурет сөйлесе Ғаріп Данамен біраз сырласып қалама еді. Сөйткен қиялыда орындалып кетсе қандай ғажап. Бірақ қиял-ғажайыпқа сенуде күнә болар.
Телефонын ары-бері қопарып отырған Ғаріпке хат келді. Қуанған ғаріп хатты оқи бастады. Хатта; -Ғаріп досым Данамен сөйлестім. Жасы сеннен бір жасқа үлкен . Мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылғы. Қайткенменде саған Дана ұнаған мен сен Данаға сай келмей тұрсың.Ренжіме. Бақыттың алладанғой сендей дүл-дүл ақынды бір перизат күтіп отырған шығар. Хат – хабарым саған кері әсерін тигізбесе болды. Басқа ештеңе келмеді қолымнан. Хатты оқыған Ғаріптің көңілі түсіп кетті. «Махаббат жасқа қарамайтын едіғой. Бұл неғылған заман.Замандағы өмір сүріп жатырған неғылған адам. Тоқсан тоғыз болса не болыпты? Өз кезегіміздегі қызықты бір көрдікғой»,-деп күбірлеп қоя берді. Қайткен күннің өзінде де Ғаріп Дананың парақшасын жие қарап отырады. Оның не Нарғызға не болмаса Данаға деген ешқандай өкпесі жоқ. Тек махаббат аялдамасына тоқтай алмай жүргеніне іші кінжіледі. Күндер өтіп, таңдар атып раушан гүлдер қаптаған Ғаріптіңде «Махзаббат», «Сезщім» деген аялдамаға тоқтайтын күні болар. Әй, қайдан қазіргі Ғаріптің жүрегі мұзданда бекер қатып тұрғой.
Дана! Дана-деп қалам ұстап қалғаны-ай! Қайран махаббаттан аялдамасы жоқ Ғаріп-ай!...
Нұрлан Едігенов,
жазушы