Алматыда Абай – Брусиловский көшелерінің қиылысында троллейбус жүргізушісі екі баланы қағып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқиға салдарынан 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Балалар бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан жолға шығып кеткен.
Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Адырна» ұлттық порталы