Assyl dombyra ақындар айтысы өтеді

411

Әр ұлттың өз ерекшелігі, дәстүрі бар. Осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшелеп отырады. Ал озығын ел кәдесіне жаратады.

Айтыс – қазақтың төл өнері, сондай-ақ синкреттік және өміршең жанр. Есте жоқ ерте замандарда тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Қашанда елдің рухын қалғытпай, еңсесін тіктеп отыруына аса қажетті.

Assyl dombyra ақындар айтысы Қаскелең, Орал, сондай-ақ екі мәрте Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен болатын. Енді міне 9, 10 қазан күндері «Алатау» дәстүрлі өнер театрында супер финалы болады.

Бұл айтыстың дүйім жұрттың делебесін қоздырарына сенімдіміз. Қапы қалмаңыздар!

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры
Әдебиет бөлімінің басшысы

Пікірлер
Редакция таңдауы