Павлодарда «КамАЗ» мектеп автобусымен соқтығысты - зардап шеккендер бар (видео)

2710
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/izobrazhenie_2021-10-06_164047.png
Павлодарда 6 қазанда сағат 14:15-те Элгин мен Щедрин көшелерінің қиылысында КамАЗ өрт сөндіру машинасы ПАЗ-32053-70 мектеп автобусымен соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Аймақтық полиция департаменті мектеп автобусы соққының салдарынан тоқтап тұрған Volkswagen көлігін қағып кеткенін түсіндірді.
 
"Жол -көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді. Тексерілуде. Сараптама тағайындалды", дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии