Елордада атыраулық ауылшаруашылығы өнім өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

1001
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласында  Атырау облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Атырау облысының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатынасуымен астаналықтарға 20 тоннадан астам ет, 36 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімі, 1 тонна шұжық өнімі, 90 тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ 60 000 дана жұмыртқа, 0,5 тонна нан өнімі, 0,5 тонна ет консерві, 1 тонна макарон өнімі, 0,5 тонна ұн, жалпы көлемі 152 тонна өнім әкелінді.

Өнімдер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұсынған баға мөлшеріне сәйкес сатылуда.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай өткізіліп жатқан осынау жәрмеңкеге келуші бас қаланың тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде.

Атырау облысы делегациясын облыс әкімінің орынбасары Кайрат Нұрлыбаев бастап келді.

Пікірлер