Атырауда қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылады

949
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Әсия Қыстаубаева мәлімдеді.

– Президент «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді» деп айрықша атап өтті. Сондықтан, мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, басқа тілдердің дамуына да жағдай жасаймыз. 2025 жылға дейін латын әліпбиін пайдаланушылар және үш тілді меңгерген азаматтар қатарын арттыру көзделіп отыр. Жаңа әліпбидің жетілдірілген нұсқасы бекітілген соң, кешенді шаралар қолға алынады» деді ол.

Бұдан бөлек, облыстағы өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілі курстары ұйымдастырылатын болады.

«Шетелдегі қандастарымыздың ана тілін ұмытпауы үшін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен бірлескен жобалар іске асырылды. Яғни, қазақ тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсетілді. Орталық мемлекеттік органдардың тапсырысымен дайындалған әдістемелер, бейнеблоктар, қазақ әдебиеті мен тарихы туралы, балаларға арналған кітаптар таратылды» деді спикер.

Пікірлер