Бүгін саяси белсенді Арон Атабек кешкі уақытта Павлодардан Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол денсаулығының нашарлауына байланысты түрмеден шыққан еді.
Ақынды қарсы алу үшін дүйім жұрт оның суреті мен түрлі жазуы бар плакаттарды ұстап, Алматы халықаралық әуежайына жиналды. Алайда көпшілік диссидентпен қауыша алмады.
Арон Атабекті жедел жәрдем арқылы басқа жолмен алып кеткен.
Видеоны көру үшін сілтемені басыңыз.
«Адырна» ұлттық порталы