Ақмола облысы Степногорск маңындағы Байқоныс ауылында таңғы сағат жеті шамасында тұрғын үйден өрт шығып 5 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"85 шаршы метр аумақта орналасқан екі бөлмелі үйден өрт шықты. Үйде бес адамнан тұратын отбасы тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын от жалынынан алып шыққан. Өкінішке орай, 2016 жыл туылған үлкен ұлы қаза тапты. Күйік шалған ер адам Степногорск облыстық ауруханасына жатқызылды", - деп мәлімдеді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.