Шымкентте «Shymkent Marathon 2021» марафоны өтеді

3568
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте «Shymkent Marathon 2021» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді. Биылғы жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр. Дәстүрлі марафон Шымкентте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отыр.
Үшінші мегаполисте өтетін марафонға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойлар мен спорт сүйер қауым келеді.

10 қазанда өтетін марафонның жүлде қоры 7 млн теңгені құрайды.

Қатысушылар қатарына қосылу үшін shymkent-marathon.kz, royalfitness.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Аталған спорттық шараны «Royal», «Kasiet» фитнес клубтары, «Evrika» сауда үйі және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

ТІРКЕЛУ АШЫҚ!
СТАРТ – 10 ҚАЗАН!
«Shymkent Marathon 2021» марафонын жіберіп алмаңыз! Салауатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді болуға шақырамыз!
Дәл қазір тіркеліп, Шымкент қаласында өтетін марафонның қатысушысы болыңыз!

Толығырақ ақпарат алу үшін: +7 701 311 4114 Шымкент, Қонаев даңғылы, 83
royalfitness.kz

Пікірлер