BTS Digital - Қазақстандағы үздік IT компания

338

Елімізде алдағы жылдары цифрландыру бағытында үлкен өзгерістер күтіп тұр. Үйде отырып қалаған құжатымызды рәсімдей алатын күн де алыс емес. Уақыт пен энергия үнемдеуден асқан жетістік жоқ. Қарбалас тіршілік азайып, қолыңыз ұзарып, отбасыңызға, өз өміріңізге көбірек көңіл бөле алатын боласыз. Осы бағытта қазақстандық IT саласының мамандары үлкен жобаларды қолға алып отыр. Бұл туралы Қазақстандағы үздік IT компаниялардың бірі BTS Digital басшылығы журналистер мен блогерлермен кездесу барысында айтты. 

Алматыдағы баспасөз таңғы асында BTS Digital журналистер мен блогерлерді компаниямен, командасымен және өнімдерімен таныстырды, сондай-ақ жоспарларымен бөлісіп, СБЕР-мен арадағы стратегиялық серіктестігі жайында  әңгімеледі.

BTS Digital Қазақстанның аса ірі АТ-компанияларының бірі болып табылады.  Үш жыл ішінде компания портфолиосы миллиондаған пайдаланушылары бар табысты әрі ауқымды әзірлемелер қатарымен толықты.

BTS Digital қоржынының орталық өнімі Aitu суперқолданбасы болып табылады. Қолданбаға мессенджер, аудиоқоңыраулар, музыкалық және ойын алаңдары, кіріктірілген әмиян және шағын колданбалар маркетплейсі кіреді. Бүгінгі күні Aitu-ға 2,5 млн астам пайдаланушы тіркелген, ал коммерциялық және мемлекеттік серіктестер саны 30-дан асады. Жақында Aitu Қазақстандық интернет бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының нұсқасы бойынша қазақстандық қолданбалардың үздік бестігі қатарына енді. Бұл - қолданбаның рейтингке алғаш рет қатысуы.

Компанияның келесі өнімдік флагманы  - Digital ID қашықтан сәйкестендіру сервисі. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде де, коммерциялық қызметтер саласында да өнім кеңінен пайдаланылады. 2020 жылдан бері Digital ID жеке және заңды тұлғалар үшін  электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтан шығаруға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтердің толық тізбесіне қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етіп келеді.

Сондай-ақ, BTS Digital әзірлемелерінің арасында танымал DosMart кэшбэк-сервисі де бар. Сервис чектерді сканерлеуге мүмкіндік беріп, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда жасалған сауда сомасының бір бөлігін қайтарып береді. DosMart Қазақстанның 20 ірі қаласында қолжетімді, 100 мыңнан аса пайдаланушысы бар әрі жетекші FMCG және фармацевтикалық брендтермен жұмыс істейді.

Компаниялар GovTech саласындағы жобаларды белсенді іске қосуда. Aitu-ға жеке тұлғаларға арналған  Ashyq ковид-статусын тексеру сервисі және кәсіпкерлер үшін Ashyq Business куар-код алу сервисі кіріктірілген. 01 шілдеден бастап Қазақстанның кез келген мемлекеттік органына өтініш берудің бірыңғай жүйесі eOtinish іске қосылды. Сонымен қатар, Aitu платформасында  22 мемлекеттік қызметті алу және Sanaq 2021 халық санағынан өту сервисі қолжетімді.

Қазіргі уақытта BTS Digital командасында 400-ден аса қызметкер бар, олардың  323-і Қазақстан азаматы болып табылады. Компания икемді басқару тәжірибесін және заманауи АТ-мәдениетін дамыту үстінде әрі жұмыс істеудің қашықтан орындалатын және аралас форматын ұсынады.

Үш жыл ішінде біз барынша күш салып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Халыққа және мемлекетке арнап жасалған ауқымды жобалардың іске асуы соның растауы іспетті. Жобаларымыздан біз зор әлеуетті ғана емес, барша қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдер құруды көздейтін пайымымыздың да жүзеге асуын көреміз. Бүгінгі іс-шарадан кейін біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз жайында көпшілік жұрт білетін болар деген үміттемін. Бұқаралық ақпарат құралдары мен пікір көшбасшылары үшін ашықпыз”, - деп атап өтті BTS Digital-дың бас директоры Нұртай Әбілғалиев.

BTS Digital еліміздің басқа да маңызды IT-ойыншыларымен белсенді ынтымақтастық құруда.  Үстіміздегі жылдың тамыз айында  компания платформалық шешімдер бойынша консорциум құруға бастамашылық етті. BTS Digital-дан бөлек консорциум құрамына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Астана Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) кірді. Консорциум шеңберінде қатысушылар ірі технологиялық жобаларды іске асыру үшін өз құзыреттері мен ресурстарын біріктіруді жоспарлап отыр.  СБЕР Тобының технологиялық платформасы пайдаланылатын GovTech платформалық моделіне өту аясындағы консорциумның міндеті жобаны толыққанды іске асыру, платформаны енгізу, дамыту және әлеуетті экспорттық ілгерілету үшін жергіліктендірудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында отандық құзыреттер мен ресурстық базаны дамыту болып табылады.

2021 жылдың қыркүйек айында BTS Digital компаниясы СБЕР Компаниялар Тобының стратегиялық серіктесі мәртебесіне ие болды.  Ресей Федерациясы аумағынан тыс жерлерде СБЕР сапалы сараптама ұсынып, жоғары техникалық әзірлікті және міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді кепілдіктерді қамтамасыз етуге дайын сенімді жергілікті серіктестермен стратегиялық әріптестік моделі бойынша жұмыс істейді.  Стратегиялық серіктесті таңдау кезінде СБЕР құзыреттерді, технологиялық сараптаманы,  команданы, ұзақ мерзімді стратегияны және ауқымды жобаларды іске асыру тәжірибесін қоса алғандағы өлшемшарттар тізбесін қарастырды.

 

BTS Digital ― электронды коммерция, коммуникация, финтех, фудтех, жасанды интеллект саласында жаңа өнімдер мен сервистер экожүйесін құрушы қазақстандық цифрлық компания. Біз цифрлық технологиялардың әрқайсысымыздың өмірімізді жақсырақ, жеңілірек әрі қолайлырақ ететініне сенеміз.

BTS Digital құрамына Aitu – Төлем шешімдері, BTS Education, Aitu-Dala, Aitu Sauda, Smart Cities, Impact Lab және Salem Social Media кіретін Aitu экожүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Пікірлер
Редакция таңдауы