Өзбекстан балаларға жаппай вакцинация салдырмақ

3393
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның ұлттық техникалық иммунологиялық сараптамасы мен бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 12 жастан асқан балаларға Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасын мақұлдады, деп мәлімдеді елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

12 жастан асқан кәмелетке толмаған балаларды тек ата-анасының немесе қамқоршыларының рұқсатымен ғана вакцинациялауға болады. Сонымен қатар балалар тиісті медициналық тексеруден өтуі керек. 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатысқан шетелде жүргізілген Pfizer вакцинасының клиникалық зерттеулерінің нәтижелері оның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткені айтылады.

Айта кетейік, қыркүйек айының ортасында Өзбекстанға коронавирусқа қарсы Pfizer және BioNTech вакциналарының 1,2 миллионнан астам дозасы жеткізілген болатын. 27 қыркүйекте өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Pfizer вакцинасын жеткізу осы жылдың төртінші тоқсанында жоспарланғанын еске салған еді. Қазірше балаларды вакцинациялаудың заңды жасы 12 және одан жоғары.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер