Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

293

Руслан Жақсылықов Қазақстанның шкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды, - делінген жарлықта.

Руслан Жақсылықов туралы не білеміз

Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Қорғаныс министрлiгiнiң И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскерлiк командалық училищесiн тәмамдаған. 1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны бітірген.

2003 жылы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болды. 1987 жылдан 2006 жылға дейін взвод командирінен ІІМ ішкі әскер құрама командиріне дейін түрлі қызмет атқарды.

Әр жылдары ІІМ ішкі әскер бас қолбасшысы, қолбасшы, қолбасшы орынбасары болып істеді. 2014 жылдан – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы. Әскери шені – генерал-лейтенант.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы