Арон Атабектің ауруханаға түскені хабарланды

822

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина түрмедегі диссидент Арон Атабектің ауруханаға түскені туралы хабар алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жаңа ғана Аронның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат келді! ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінен ақпаратты растауды яки терістеуді, сондай-ақ А.Атабектің жағдайы туралы жазуды өтінемін»,– деді Төреғожина.

 

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ бірнеше мәрте ақынның халі мүшкіл екенін жазған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы