Қостанайда із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестірілуде

721

Қостанай облысының полициясы сабақтан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздестіруде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«2021 жылғы 27 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Рустам Ташмағамбетов сабақтан шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Қазіргі кезде полицейлер жедел-алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Облыстық полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қатысып жүр», - деп хабарлады полициядан.

Баланың белгілері: бойы 152 cм, денесі толық, шашы қысқа, қара түсті, көзі қою қара. Киген киімі: қою қызыл жейде, көк түсті шалбар, қара қоңыр аяқ киім.

Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдарды «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы