Иттің етін жеуге қатаң тыйым салынады

3160
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Корея басшысы үкімет билігіне иттің етін жеуге тыйым салуды заңдастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді.

Оңтүстік Корея халқының басым көпшілігі итті үй жануары ретінде ұстайды. Сонымен қатар, иттерді етке өткізу үшін арнайы фермаларда асырайды.

Корея Республикасы жануарларды қорғау мақсатында оларды қорлауға, азаптап өлтіруге қатаң тыйым салған болатын. Өкінішке қарай, тұрғындар  олардың етін жеуді тоқтатар емес. Соңғы бірнеше жыл ішінде иттің етін жеу 20-30%-ға кеміді.

 

Пікірлер