Атырау облысында педофилдердің құрбаны болған балалар саны 80-ге жетті

1176

Жыл басынан бері Атырау облысында 80-ге жуық балаға сексуалдық сипаттағы қылмыс жасалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Атырау қаласынның өзінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы 33 қылмыс тіркелген. Аудандар да тіркелді, – деді Атырау облыстық полиция департаментінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Орынгүл Көшқалиева.

Атырау облысы Полиция департаментінің деректеріне сенсек, биыл 8 айда кәмелет жасына толмаған балаларды зорлау бойынша 10 қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша 10, 122-бабы ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") бойынша 21 қылмыс және 124-бабы ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") бойынша 8 қылмыс тіркелген.

- Биыл балаларға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы 80-нен астам қылмыс тіркелген. Оның 33-і Атырауда, қалғаны аудандарда болған, — дейді ЮПТ аға инспекторы Орынгүл Көшқалиева.

Көбінесе бұл қылмыстарды жақын туыстары жасап келген. Әлеуметтік жағдайы нашар және ата-анасы ішімдікке үйір отбасынан шыққан балалар мұндай жағдайға жиі ұшырайды. Ең сорақысы, балалар өз үйлерінде зорланған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар