GGG күнделікті тұтынатын заттарын көрсетті (видео)

6876
Adyrna.kz Telegram

Бокстан IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин өзінің күнделікті тұтынатын заттарын көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

Чемпион өзінің әр таңын кофе ішумен және музыка тыңдаумен бастайды, деп мәлімдейді YouTube желісіндегі GQ арнасы.

- Мен кофені өте көп тұтынамын. Әр таң сайын капучино ішем. Таңертең тұра сап, күш-қуат жинауым керек. Күндіз сүтті көбірек құйып латте немесе эспрессо ішемін — деп бөлісті Головкин.

Ол күнделікті жанынан тастамайтын құрылғыларын да көрсетті.

- Құлаққапты сондай жақсы көремін. Жүгіргенде де, шомылуға барғанда да құлағымнан тастамаймын. Мен тек музыка тыңдамаймын, құлаққапен үнемі аудиокітап та тыңдаймын — дейді жерлесіміз.

Чемпионның қолданбалы заттарының ішінде қазақстандық дизайнер жасаған сөмке де бар екен.

- Мынау менің шағын қапшығым. Мұнда өз керек-жарағыммен қоса, балаларымның заттарын да салып жүрем. Бұндай қолсөмке әлемде 50 шақты данасы ғана бар. Бір қызығы, бұны қазақстандық дизайнер қыз жасаған. Өте ыңғайлы сөмке — деді Гена отандық өнімды мақтана көрсетіп.

Айта кетейік, бұдан басқа, чемпион жерлесіміз тұтынатын заттардың ішінде арнайы жасалған фирмалық қолсағат, түрлі көзәйнектер, әмиян мен қоларба да бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер